Жүректі уақтылы диагностикалау және емдеу табысты сауығудың кепілі болып табылады!
Қолқа-коронарлық ұштастыру (ҚКҰ) – коронарлық тамырдың тарылған жерлерін айнала өтетін шунттар көмегімен (тамырлы протездер) жүрек тамырларында қан айналымын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ота.
Бұл ота ЖИА емдеудің ең тиімді әдісі болып табылады және науқастарға қалыпты белсенді өмірге оралуға мүмкіндік береді. Науқастар көбінесе коронарлық артерияларға жасалған отадан кейін өздерін әлдеқайда жақсы сезінеді, өйткені оларды жүректің ишемиялық ауруының симптомдары алаңдатпайды. Пациенттер отадан кейін бірте-бірте көңіл-күйі жақсаруын сезінеді, осылайша олардың жай-күйінің ең маңызды өзгерістері бірнеше апта немесе айлардан кейін басталады.
Сізді келешекте не күтеді?
Сіз операциядан кейінгі сауығу шамасына қарай, оның жағымды әсерін толық бағалай аласыз. Сіздің коронарлық артерияда қан айналымының ұлғаюы – ауырсыну азаюын, стенокардия әлсіреуін немесе толық жоғалуын білдіреді. Сіз дәрі-дәрмектің көп мөлшерде қажетсіздігін сезінесіз, тіпті оларды қабылдаудан мүлдем бас тарта аласыз, ал физикалық жүктемеден қатты шаршаудан Сіз арыласыз. Өміріңіздің жалпы сапасы жақсарады.
Пациент жүрекке ота жасаудан бас тартқан жағдайда өзін келесі қауіп-қатерлерге ұшыратады:
кенеттен қайтыс болудың жоғары қаупі;
коронарлық артерияларда тромб пайда болуы, миокардтың жіті инфарктіне әкеледі;
мүгедектік;
пациенттің ота жасауға жарамайтыны, жүректі донорлық органмен ауыстыру қажеттілігі (жүрек трансплантациясы);
жүрек аурулары асқыну салдарынан басқа да жүйелер мен ағзалар тарапынан асқынулар (ми, өкпе, бүйрек, бауыр);
жүрек ауруының қарқындылығы мен ұзақтығының арта түсуі;
дене белсенділігі төмендеуі;
азғана физикалық жүктеме кезінде (жүру, тыныштықта) жүректе ауырсыну пайда болуы;
жүрек ырғағының бұзылуы және жүректің шалыс соғуы;
жүрек бұлшықеті резервінің сарқылуы, жүрек тіндердің жансыздануы салдарынан созылмалы жүрек жетіспеушілігі пайда болуы.


